23:13, 27 Ақпан 2018 | GMT +5
Президент Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның құрамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның нормативтік құқықтық актілері ақпараттық құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің хатшысы Сәуле Мектепбаева, Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серік Ораз кірді.
«Көрсетілген комиссияның құрамынан: Ә.Қ. Ахметов, Т.Б. Дүйсенова, Г.А. Жұмагелдиева, Е.М. Маямеров шығарылсын», - делінген жарлықта.
Сондай-ақ, Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамынан шығарылды.