Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

АСТАНА. KAZINFORM — EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Алғашқы екі күнде іс-шараға 15 мыңнан астам адам келген.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, тау-кен, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау үдерісімен танысты.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Сондай-ақ Президентке еңбек нарығындағы сұранысқа және әр өңірдің ерекшелігіне қарай кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын трансформациялау мысалдары баяндалды.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Президент атом электр стансасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру қарсаңында сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет екенін айтты.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтарының қаласын» аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды.

 Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
Фото: Ақорда

Еске салсақ, бұдан бұрын 11 ақпанда елордада жұмысшы мамандықтарының фестивалі басталғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар