Президент жұмыс сапарымен Алматыға барды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы сапар аясында қаладағы гидротехникалық инфрақұрылыммен танысып, бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президент Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді. Жиынға Үкімет мүшелері қатысады.


Соңғы жаңалықтар