Президент БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады
АСТАНА.KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:
1. «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;
2. «АЙҚЫН-ЛИТЕР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа;
3. «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;
4. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:
1. «Kokshe» телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға;
2. «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;
3. «Abay Live» YouTube арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;
4. «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;
Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы:
1. «Ana tili» газетінің шығармашылық ұжымына;
2. «BALAPAN» телеарнасының шығармашылық ұжымына;
3. «Soltustik Qazaqstan» газетінің шығармашылық ұжымына;
4. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті.