20:33, 02 Қазан 2025 | GMT +5
Президентке отандық AI жобалар таныстырылды
АСТАНА. KAZINFORM — Mirai Tech мекемесі жасаған Deep-tech стартапында биомеханиканың портативті ЖИ зертханасы көрсетілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақылды сенсорлы табандар мен киілетін есептеуіш құралдар спортшылар мен емделушілерді оңалтуды жеделдетеді әрі жарақаттың алдын алуға көмектеседі.

AltBridge жария нарықтағы инвестициялық портфельге мониторинг жасайды және әр бағыт бойынша есеп береді.

Defect AI дәрігерлерге күнделікті қағазбастылықтан арылып, науқасқа көңіл бөлуге жәрдемдеседі.

Бұдан бұрын Қазақстан және Мажарстан президенттері Alem.AI жасанды интеллект орталығын аралағанын жаздық.
Сонымен қатар екі тарап халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеуге келісті.