ПРЕЗИДЕНТТЕН ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ: Елбасы ел азаматтарына қашанда жан жылуымен қарайды - ардагер Леонид Гирш

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің Елбасы ел азаматтарына қашанда жан жылуымен қарайды. Бұл жылылық, әсіресе, біздерге, аға буын өкілдеріне қатысты көзқарастан айқын көрінеді, дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы Леонид Гирш.
None
None

«Президент жасап жатқан жұмыстардың барлығы ардагерлерге әрқашан күш-қуат сыйлайды. Қазіргі кезде Қазақстан игіліктің, тағаттылықтың, келісім мен бейбітшіліктің аралына айналып отыр. Отанымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әркез қарапайым адамдарға қамқорлық көрсететін іс-әрекетімен ерекшеленеді.

Мемлекет басшысының қолы­нан Қазақстан халқы Ассам­блеясының «Бірлік» алтын медалін алуым төбемді көкке екі-ақ елі жеткізбей тастады. 24 желтоқсанда Астанада Индустрияландыру күніне орайластырылған жалпыұлттық телекөпірде Президент Нұрсұлтан Назарбаев арасында Алматы облысындағы «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы аумағында орналасатын құрғақ порт құрылысы бар 22 жаңа жобаның тұсауын кесті.

Бұл - ұзақ уақыттан бері күттірген орасан жоба. Ол Қытай Халық Республикасымен жоғары деңгейдегі уағдаластық арқасында жүзеге асырылып отыр. Бұл порт екі ел арасындағы тауар айналымын еселей түсетін болады.

Және де мұндай инновациялық, «серпінді» жобалар көптеп саналады. Өз кезегінде, бұл - жаңа жұмыс орындары, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа перспективалар. Бұл, ақыр аяғында, еліміз азаматтары әл-ауқатының өсуіне жасалар басты қадам.

26 желтоқсанда соғыс және еңбек ардагерлерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп құттықтап, жаңажылдық сый-сияпат жасады. Президенттің өкілі ретінде ол бізге Еңбекпен қамтудың жол картасы, Алматы облысындағы индустрияландыру картасы туралы әңгімелеп берді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай барлық соғыс ардагерлері пәтерлер мен машиналар алатын болады. Біз қашанда осындай қамқорлық құшағындамыз. Мен барша қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Әр ауылда, қалада, елді мекенде барлық округтердің әкімдері, билік өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері соғыс және еңбек ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтайтын болады.

Мемлекет басшысы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Қазақстанда Президент бағдарламасы бойынша үлкен жоспарлар белгіленген. Мен, майдангер ретінде Президентімізге зор денсаулық, елді алға ілгерілету істерінде зор табыс, ал тәуелсіз Қазақстан халқына игіліктер тілеймін», - деді қарт ардагер.

Соңғы жаңалықтар