ПРЕЗИДЕНТТЕН ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ: Тарих таңдаған бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп беріп отыр - Александр Гибнер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы немістер қоғамы әркез ардагерлерге көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп тұрады. Біз оларға материалдық көмек көрсетіп, неміс қоғамы офисінде өтетін барлық шараларға шақырамыз, дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Александр ГИБНЕР.
None
None

Ардагерлер тұрақты қамқорлығы үшін Елбасымызға қашан да өте риза. Олар Президент жүргізіп келе жатқан этносаралық, конфессияаралық түсіністікке бағытталған ұлттық саясатқа қашан да разы.

Ардагерлерді қолдауға арналған акция ешкімді де бейжай қалдырған жоқ. Неміс офисіне ардагерлерден қоңырау соғылып жатыр. Олар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өздеріне әкелік қамқорлық танытып келе жатқаны үшін ақ көңілден шыққан алғыстарын жеткізеді.

Біздің ардагерлер Достық үйінде өткен жастармен кездесуге белсене қатысты. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар туралы еске алып, жастарға репрессия жылдарында басынан өткерген ауыртпалықтары, Қазақстанға қоныс аударулары кезіндегі күрделі жағдайлар туралы әңгімелеп берді.

Дей тұрғанмен, ардагерлеріміз ертеңдеріне, елдің болашағына үлкен сеніммен қарайды. Оларда қазіргі кезде бұрынғы өкпе-реніштерінің ізі де қалмаған. Бастарына зобалаң туғызғандарға кешірім танытады. Өйткені, уақыт жан жарасын да, тән жарасын да жазып үлгерген.

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Осы жылы да немістер қоғамы ардагерлерге көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Біз ардагерлермен жұмыс көрініс тапқан жоспарларымызды да белгілеп қойдық.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің ардагерлерімізге деген әкелік қамқорлығы үшін шын жүректен шыққан ризашылықтарымызды білдіреміз. Тарих таңдаған бағытымыздың дұрыстығын көрсетіп беріп отыр. Қазақстан - тек қана алға!

Бұл туралы egemen.kz жазады.

Соңғы жаңалықтар