Президенттік бәсекеден шығатынын айтқан Тед Круз әйелінің бетін шынтағымен қағып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатор Тед Круздың жұбайы Хайди саясаткердің қоштасу рәсіміндегі соңғы сөзі кезінде күйеуінен таяқ жеді.

Президенттік бәсекеден шығатынын айтқан Тед Круз әйелінің бетін шынтағымен қағып жіберді

Осыған дейін сейсенбі, 3 мамырда, Круз АҚШ президенттігі бәсекесінен шығатынын айтқан. Бұған Индиана штатындағы праймериздегі жеңілісі себеп болды. Өйткені сенатор Республикалық партиядан президенттікке өз кандидатурасын ұсыну мүмкіндігін жоғалтты.

Круз қабылдаған шешімі туралы хабарлаған соң өз жақтастарын құшақтап жатқанда, шынтағымен әйелінің бетінен қалай соғып жібергенін аңғарған да жоқ. Бұл сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлады tvzvezda.ru.