Президенттік мәдениет орталығының мұражайында Қазақстан суретшілерінің көрмесі өтеді

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 26 қараша күні ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай ҚР Президенттік мәдениет орталығының мұражайында Қазақстан суретшілерінің «Өз елім» атты көрмесі өткізіледі,
None
None

деп хабарлады аталған орталықтың баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, ҚР Суретшілер одағы 2011 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсына қатысып «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ең таңдаулы бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу» атты жобаны жеңіп алған еді.

Осыған орай өткізіліп отырған конкурстың мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның кеңестік жүйеден кейінгі тарихи-әлеуметтік, экономикалық және жеке адамдар өміріндегі жаңашыл өзгерістер жайлы өнер тілімен баяндауға суретші қауымға мүмкіндік жасау мен жағдай туғызу.

2011 жылдың сәуір айында жарияланған конкурсқа еліміздің барлық аумағынан 272 автордың 687 жұмысы келіп түсті. Конкурстық комиссияның белгілеген сараптамасы бойынша 138 автордың 205 шығармасы байқауға жіберілді. Конкурсқа жіберілген шығармалардың ішінде - кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, сценография номинациялары бойынша бөлінеді. Қазылар алқасының көмегімен ең үздік шыққан туындылар таңдап алынып, жеңімпаз авторлар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Осы байқауда жүлделі орындарға ие болған қылқалам шеберлерінің шығармалары қойылған көрменің ашылу салтанаты 26 қарашада ҚР Президенттік мәдениет орталығында өтеді. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне орайластырылған көрмеде олардың 100-ге тарта әртүрлі тақырыпты қамтитын шығармалары таныстырылады. Сондай-ақ, конкурстан үздік шыққан суретшілердің туындылары да ел назарына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар