Президенттікке үміткер Сәдібек Түгел дауыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел елордадағы «Дарын» лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көңіл толқып, жүректі қуаныш кернеп тұр. Халықтың белсенділігін, халықтың сайлау учаскесіне ағылып жатқанын көріп тұрмын. Бұл деген үлкен қуаныш. Бұл біздің береке-бірлігіміздің артқанын, елдігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді», - деді Сәдібек Түгел.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

null

Соңғы жаңалықтар