Президенттікке үміткерлер үгіт-насихат науқанын қалай өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ҚР президенттігіне кандидаттардың БАҚ-та жүргізген сайлауалды үгіт қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Оның айтуынша, Ақпарат министрлігі ақпараттық кеңістікке тұрақты түрде мониторинг жасап отырған. Үгіт-насихат кезеңінде 21 қазан мен 18 қараша аралығында 578 республикалық және өңрлік БАҚ, оның ішінде 51 телеарна, 30 радиоарна, 354 газет және 143 интернет-ресурс мониторингпен қамтылды.

«Мониторинг қорытындысы бойынша, Президенттікке үміткерлер мен олардың сайлау штабтарының қызметіне арналған үгіт-насихат науқаны кезеңінде БАҚ-та 16 мыңнан астам, оның ішінде телеарналарда – 10 288, басылымдарда – 2 228, интернет-ресурстарда – 3 551 материал орналастырылды. Осылайша, үміткерлердің үгіт-насихат кезеңінде БАҚ-тағы ақпараттың материалдарды бірдей жариялағанын білдіреді. Осы сайлауға барлығы 6 үміткер қатысты. Сондықтан, біркелкілік тұрғыдан әр үміткер үшін БАҚ-тың орташа мәні шамамен 16,7 пайызды құрады. Жалпы мониторинг нәтижесі бойынша, БАҚ-та тең жариялану принципі сақталды деп айтуға болады», - деді Д. Қадыров Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында.

Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары бойынша, министрлік электоралды науқан басталғалы «Сайлау туралы» Конституциялық заң нормаларын бұзу белгілері бар 75 фактіні анықтаған.

«Анықталған бұзушылық белгілердің негізгі бөлігі әр үміткерге дауыс беруге шақыру, фотосуреттері бар буклеттерді жариялау мен қаржыландыру көзі көрсетілмеген үгіттеу белгілері бар материалдарды таратумен, белгіленген мерзімде үгіт-насихат өткізу туралы Орталық сайлау комиссиясына хабарламай, бұқаралық ақпарат құралдарының үгіттеу белгілері бар материалдарды жариялаумен, сондай-ақ қоғамдық пікір туралы сауалнама өткізу тәртібін бұзумен байланысты болған. Жалпы сайлау туралы және БАҚ туралы заңнамалардың өрескел бұзылуына жол берілмегенін атап өткім келеді», - деді Данияр Қадыров.

Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үндеу жасаған еді.


Соңғы жаңалықтар