Президенттің күзет қызметіне тиесілі әуе кемелері мемлекеттік авиация құрамына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің күзет қызметіне тиесілі әуе кемелері мемлекеттік авиация құрамына өтті

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің авиациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының құрамына енгізілсін», - делінген Үкімет басшысы қол қойған құжатта.

Осы қаулы қол қойылған күннен, яғни 12 маусымнан бастап күшіне енді.

Қоса кетсек, бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы өзгеріп, бірқатар құзырет берілетінін жазып едік.

Сонымен қоса, енді Мемлекеттік күзет қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуі мүмкін екенін де хабарладық.