09:09, 12 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. ҚазАқпарат бұл туралы БОРТ №1 Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», - делінген мәліметте.
Жиын барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдері есеп береді.
Фото: t.me/bort_01