Президенттің жастар кадр резервінің өкілі лауазымды қызметке тағайындалды
![None None](/static/img/plug.webp)
Ардақ Өтепов бұған дейін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Өтепов Ардақ Төлтайұлы 1984 жылы Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. Туған қаласында Басқару институтын, Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және АҚШ-тың Калифиорния университетін тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2010-2011 жылдары басқарма сарапшысы, сосын 2014 жылға дейін халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды. 2014-2018 жылдары «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау және сапа департаментінің ғылыми-техникалық ақпарат бөліміне басшылық етті. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.