Президенттің жолдарға қатысты тапсырмасын орындамаған Берік Қамалиев қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Берік Қамалиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмалары уақытында орындалмағаны үшін ҚР Үкіметінің Қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды», - делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар