12:37, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Президенттің жұмыс кестесі: 2008 жылдың негізгі қорытындылары
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - 2008 жыл Қазақстан үшін түрлі атаулы оқиғаларға толы болды. Жұмыс кестесі тығыз болған Елбасы еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласына белсенді атсалысты. ҚазАқпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтың Елбасының 2008 жылғы жұмыс кестесі туралы материалын оқырмандар назарына ұсынады.
Шет елдерге сапарларын, өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын, еліміздің тыныс-тіршілігінің мәселелері бойынша өткен түрлі мәжілістерді, халықаралық және республикалық форумдардың жұмысына қатысуларын, шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерін қабылдауларын, жұртшылық өкілдерімен және кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулерін, өнеркәсіптік және әлеуметтік объектілерде болғандарын, тағы басқаларды қоса алғанда, жыл бойы Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 500-ден астам іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, осы кезеңде Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің 14 ақпанда және 13 қазанда болған 2 кеңейтілген отырысына қатысты; Үкімет мүшелері мен Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен 5 жұмыс мәжілісін өткізді, олардың қатарында 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мембағдарламаларды жүзеге асырудың барысы, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жөніндегі, т.б. мәселелер бар; құқық қорғау жүйесіне әкімшілік реформа, сот реформасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, ішкі саясат және идеологиялық жұмыс, т.б. мәселелер жөнінде 6 кеңес, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімдігінде елорданың 10 жылдығын мерекелеуге әзірлік және оның одан арғы дамуы жөнінде 4 кеңес, сондай-ақ еліміздің өңірлеріне жұмыс сапарлары барысында 6 көшпелі кеңес өткізді. Президенттің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар жүйесі бойынша Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы, Шетел инвесторлары кеңесінің 2 отырысы, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің 4 отырысы өтті, оларда Ұлттық қауіпсіздіктің 2007-2012 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру барысы, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласында мемлекеттік органдардың басқару тиімділігін арттыру, заңдылық пен құқық тәртібін қорғауды, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың жұмыс жағдайы жөніндегі, т.б. мәселелер қаралды. Президент Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі алқаларының кеңейтілген отырыстарына қатысты, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен даму институттары басшыларының есептерін тыңдады. Н.Ә.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен екі отырысына қатысып, Парламент палаталары төрағаларымен және депутаттармен кездесе отырып, депутаттық корпуспен тұрақты байланыста болды.
Жыл бойында Президент, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлімен; Қазақ тағам академиясының президенті, академик Т.Ш.Шармановпен; Ауған соғысының ардагерлері ұйымдары қауымдастығының төрағасы Б.Смағұловпен; ?Атамекен? одағы? Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшелерімен; Астананы алғаш салушылармен; ұлттық университеттер ректорларымен; Олимпиадалық ойындарға қатысушылармен және жүлдегерлерімен, тағы басқалармен кездесті. Мемлекет басшысы еліміздің өңірлеріне 20 жұмыс сапарын жасады.
Сыртқы саяси кесте де тығыз болды. Барлығын қоса алғанда, Президенттің қатысуымен халықаралық сипаттағы 112 кездесу мен іс-шаралар өтті, олардың қатарында екіжақты қарым-қатынастардың шеңберіндегі 6 шетелдік сапар, 11 көпжақты саммит пен 8 халықаралық форумға қатысу бар. Н.Ә.Назарбаев 13 баспасөз конференциясы мен 15 брифинг өткізді, 20 жетекші шетелдік және отандық БАҚ-қа сұхбат берді. Президент 2700-ден астам құжаттарды қарап, қол қойды, олардың қатарында 102 заң, 215 жарлық, 115 өкім, 22 мәжіліс хаттамалары, 2000-ға тарта қызметтік құжаттар, талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдар, 84 Алғыс хаттар, азаматтардың 179 арыз-шағымдары бар, соңғы аталғандардың 106-сы бақылауға алынды.
Осы кезеңде Мемлекет басшысы 59 күн сапарларда болды, оның 20 күні шет елдерге, 39 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды.
Ғаламдық дағдарыстың әсерінен 2008 жылы әлемдік экономикалық конъюнктураның күрт нашарлауын ескере отырып, Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін айрықша назарға алды. Президент 6 ақпанда Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған ?Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру ? мемлекеттік саясаттың басты мақсаты? деп аталатын Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауының өзінде-ақ оның негізгі арқауы әлемдік экономикалық дағдарыстың зардаптарына қарсы тұру әрекеті болды. Бұл Жолдау 2006 және 2007 жылғы жолдаулардың қисынды жалғасы екенін атап өте отырып, Н.Ә.Назарбаев модернизациялауды одан әрі жүйелі жалғастырудың, әлемдік рынокта жаһандық іркілістің жақындап келе жатуы жағдайында тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің және әлеуметтік даму қарқынын сақтап қалудың маңыздылығына айрықша мән берді. Осыған байланысты қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықаралық мұнай және энергетика нарығында ықпалды әрі жауапты қатысушы ретінде мемлекеттің позицияларын нығайту; экономиканың инфрақұрылымын, ең алдымен ?Қазақстан экономикасының дамуына ілесе алмай жататын? электр энергетикасы мен көліктің инфрақұрылымын дамыту; ауыл шаруашылығының экспортқа бағдарланған салаларын ұлғайтудың негізінде агроөнеркәсіптік секторды нығайту; бизнеске қосымша қолдау көрсету бірінші кезектегі міндеттер ретінде белгіленді. Сонымен бірге Жолдауда зейнетақылар мен бюджеттіктердің еңбекақысын одан әрі арттыру жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері дәйектелді. Жаңа Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді нақтылау шеңберінде Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерімен, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларымен, тағы басқалармен бірқатар кеңестер мен жұмыс кездесулерін өткізді. 14 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті, онда Президент 2007 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын шығарып, Жолдаудың алдағы кезеңге арналған межелерін жүзеге асыру жөнінде кең көлемді міндеттерді алға тартты. Н.Ә.Назарбаев банктердің әдеттен тыс стратегиясының салдарынан пайда болған қаржы жүйесіндегі, құрылыс пен қозғалмайтын мүлік секторындағы ?қызып кетуден? сабақ алудың маңыздылығын атап өте отырып, министрліктер, ведомстволар мен мемхолдингтер басшылықтарының алдына қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың ұлттық экономикаға теріс ықпалын төмендету жөнінде міндеттер қойды. Одан басқа, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тұрмысы төмен халықтың жағдайына айрықша назар аудару; адамдарды, әсіресе бұрынғы құрылысшыларды жұмысқа орналастыру, оларды қайта мамандық даярлаудан өткізумен айналысу; 100 мектеп пен 100 аурухана бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету; өңірлерде сыбайлас жемқорлықпен күреске басшылық жасау тапсырылды. Үкімет және Президент Әкімшілігі басшылығымен наурызда өткізілген кеңесте Президент жаңа Жолдауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік бағдарламаларды орындау, әлеуметтік салаларды дамыту, мемлекеттік қызмет пен экономикалық жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелерін көтерді. Соның қорытындысы ретінде, 2008 жылдың басында-ақ Үкімет ұлттық банк жүйесінің алдағы сыртқы қатерлерге қажетті дайындық деңгейін қамтамасыз етіп, өтімділік мәселесін жедел шешті; қазақстандық банктер үшін олардың өздерінің сыртқы және ішкі міндеттемелерін орындауы жөнінде қолайлы ахуалдар жасады; құрылыс нарығын қолдау және үлескерлік құрылысқа қатысушылардың құқығын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдады; шағын және орта бизнесті дамыту үшін қаржылар бөлді. Сонымен бірге, әлемдік экономикалық дағдарыстың одан әрі шиеленісе түсуіне байланысты, 13 қазанда облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Үкіметке дағдарысқа қарсы кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы оның негізгі бағыттары ретінде қаржы секторын тұрақтандыруды, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуді, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді, агроөнеркәсіптік кешенді ынталандыру мен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды атады. Н.Ә.Назарбаев сол күні-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кеңес өткізіп, онда халықтың тұрмысы төмен бөлігіне қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу, үлескерлердің заңды құқықтарын қорғау, шағын және орта бизнеске қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ мемлекет пен ұлттық компаниялардың тапсырыстарын отандық кәсіпорындарға орналастыруына ықпал ету жөнінде дағдарысқа қарсы бағдарламаның шеңберінде, аймақтық деңгейде қосымша іс-шаралар қабылдау қажеттігіне назарларын аудартқызды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес дағдарыстың теріс зардаптарын жоюға бағытталған бірсыпыра қосымша іс-шаралар қабылданды. Ең ірі ?Қазына? және ?Самұрық? мемлекеттік холдингтерінің бірігуінің базасында дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі болуға тиісті ?Самұрық-Қазына? ұлттық әл-ауқат қоры? құрылды. Холдингке қолда бар активтерін толықтыра отырып, ?Қазатомөнеркәсіптің?, ?Еуразия табиғи ресурстар корпорациясының?, ?Қазақмыстың?, ?Қазақстандық ипотекалық компанияның?, ?Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорының? және ?Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің?, сондай-ақ жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның мемлекеттік акциялар пакеттері беріледі.
Сондай-ақ акциялар пакетіне ие болу жолымен еліміздің төрт жетекші коммерциялық банктері ? Халық банкін, Альянс банкін, БТА және Қазкоммерцбанкті қосымша капиталдандыру жүзеге асырылды.
25 қарашада Үкімет ?Самұрық-Қазына? қоры мен ?ҚазАгро? холдингін қатыстыра отырып, Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын қабылдады. Оны жүзеге асыру үшін 2009-2010 жылдары Ұлттық қордан 10 млрд. доллар қаржы көзделіп отыр.
Бұдан басқа, 2009 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енді, ол шикізаттық емес секторға салмақты едәуір жеңілдетеді. Корпоративтік салық кезең-кезеңімен 30%-дан 15%-ға дейін төмендейді, ҚҚС мөлшері 12%-ға дейін азаяды. Шығындарды кейінге шегеру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады. Бұл шаралар бизнес үшін 500 млрд. теңгеге жуық қаржыны босатады. Үлескерлік тұрғын үй құрылысының қатардағы қатысушыларын қолдау жөнінде теңдесі жоқ іс-шаралар қабылдануда. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 6 маусымдағы Атырау қаласында және 5 желтоқсандағы Алматы қаласында өткен кезекті отырыстары, сондай-ақ Ұлттық инвесторлар кеңесінің 21 қарашадағы ?Дағдарысты еңсеру жөніндегі тұрақтандыру шараларын іске асырудағы мемлекет пен бизнестің өзара бірлескен іс-қимылы? деген тақырыппен өткен отырысы әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету және инновациялық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналды. Осы және басқа да мәселелер сондай-ақ АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Табиғат ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Н.Рэйхэлл басқарған делегациямен, Солтүстік Каспий жобасы бойынша ?Шелл?, ?Тоталь?, ?ЭНИ?, ?Эксон Мобил?, ?Коноко Филипс? және ?Инпекс? мердігерлік компанияларының өкілдерімен; ?Дженерал Электрик? компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Ф.Беккалимен; ?Кингдом? инвестициялық компаниясы басқармасының төрағасы әл-Уалид бен Талап бен Абдел Әзиз әл-Саудпен; Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Т.Мировпен, Дүниежүзілік Банктің президенті Р.Зеллекпен және басқалармен болған кездесулерде де басты назарда болды. Соның нәтижесі ретінде, жаһандық экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан, Қазақстан шетел инвесторлары үшін жоғары инвестициялық тартымдылығын сақтауда. Н.Ә.Назарбаевтың тек шетелдік сапарларының қорытындылары бойынша Бахрейнмен және Абу-Дабимен 1,5 млрд. доллардан астам сомаға екі бірлескен қор құру, ?СИТИК? қытай корпорациясымен бірге қоры 1 млрд. долларға дейін капиталдандырылған қор құру, сондай-ақ француз және жапон компанияларымен серіктестік арқылы 3 млрд. доллар сомадан асатын жобаларды іске асыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жетті. Дағдарысқа қарсы қабылданып жатқан іс-шаралар нәтижелілігінің маңызды көрсеткіші 2008 жылы Қазақстанның 9 облысында 19 жаңа өнеркәсіптік өндіріс орындарының іске қосылғаны бола алады. Отандық алғашқы Астана-Щучье автобаны ашылды; еліміз үшін маңызды, Ресей аумағы бойынша 82 шақырымдық транзитті қысқартып, Қазақстанның шығысын орталықпен жалғастырған Шар?Өскемен теміржол магистралінің құрылысы аяқталды; 2 театр, жаңа мектептер, ауруханалар және басқалар салынды. Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен Алматы облысының Іле ауданында ?Даму? индустриялық-логистикалық орталығы, Шымкент қаласында ТМД-да баламасы жоқ Медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтар мен бұйымдарды стерилизациялау жөніндегі орталығы, ұзындығы 224 шақырымдық Астана-Щучье алты жолақты автобаны, Алматы әуежайының барлық әуе кемелері түрлерін шектеу қоймай қабылдайтын жаңа ұшу-қону жолағы, Қарағанды облысында ?30 корпоративтік көшбасшы? бағдарламасының шеңберінде салынған ?Sіlіcіum Kazakhstan? металлургиялық кремний өндіру жөніндегі зауыт сияқты маңызды инновациялық жобалардың, тағы басқалардың тұсаукесері болды. Жыл ішінде Мемлекет басшысы сонымен қатар елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсене араласты. 17 қаңтарда Н.Ә.Назарбаев ?Нұр Отан? халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына төрағалық етіп, оның қорытындысы бойынша ?Қазақстанның өркендеуі және қазақстандықтардың игілігі үшін: біз елдің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз? атты партиялық тұғырнаманы іске асыру бағдарламасы қабылданды. Қаңтардың соңында өткен ?Болашақ? бағдарламасы стипендиаттарының форумында Президент Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолындағы басым бағыттардың бірі ретінде ?Зияткерлік ұлт-2020? ұлттық жобасын әзірлеу идеясын алға тартты. Өз сөзінде ол ?Болашақтың? бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды ?серпінді жобалардың? бірі болып табылатындығын және ?Болашақ? түлектерінің келешекте реформалар мен мемлекет басқарудың басында тұруға қабілетті басқарушылардың жаңа үдетушісінің негізі бола алатындығын атап көрсетті. ?Жас Отан? жастар қанаты бірінші съезінің делегаттарымен мамырдағы кездесу де жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы тақырыбына арналды. Сәуірде Н.Ә.Назарбаев бағзы қазақ жерінің кеңістігіне біздің тарихымызда тұңғыш рет жол тартқан Олимпиада алауының халықаралық эстафетасын қабылдады. Дәстүрге сәйкес сәуірдің соңында Алматы қаласында өткен VІІ Еуразиялық медиа-форумдағы пікірсайыс барысында Мемлекет басшысы оған қатысушылардың басым бөлігінің әлемдік экономика дамуын тұрақтандыруға және жаһандық сәйкессіздікті еңсеруге қабілетті халықаралық кооперацияның жаңа нысанын қалыптастырудың орындылығы туралы айқындамасын қолдады. ?Әлем тарихында бұрын-соңды болып көрмеген бүгінгі таңда барлық елдерден жаңа тәртіптің жауапкершілігі талап етіледі, халықаралық құқық, әрбір мемлекеттің рөлі мен жауапкершілігі тұрғысынан әлемдік қоғамдастық құзыретінің мүмкіндіктері, шектері туралы ұғымды қайта бағалау қажеттілігі пісіп-жетілді?, деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев. Маусымда Президент ?Мәдени мұра? бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысына қатысып, онда бағдарламаның келесі кезеңінің басымдықтары айқындалды, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қызметінің үлгісін реформалаудың перспективалық қағидаттарын тұжырымдауға арналған ?Елдің бәсекеге қабілеттілігін көтерудегі мемлекеттік қызметтің рөлі? атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Қазақстан елордасы Астана қаласының 10 жылдығын мерекелеу жылдың маңызды оқиғасы болды, оны еліміз бұрын-соңды болмаған ауқыммен атап өтті.
Мерекелік салтанаттың алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Оның аясында Мемлекет басшысы: 11 ақпанда ?Астананың бас жоспары? МКМ ғылыми-зерттеу жобалау институтында және 26 наурыз бен 3 шілдеде Астана қаласының әкімдігінде 3 кеңес өткізді. ?Алдағы мерейтойдың саяси мәні аса маңызды. Бұл қатардағы жай мереке емес, ол Астана қаласының ғана емес, бүкіл елдің дамуына жаңа серпін беруге тиіс үлкен жалпыұлттық іс-шара? екендігін Президент үнемі қадап айтумен болды. Сондықтан елорданы дамыту мен оның құрылысы мәселесі, әсіресе коммуналдық жүйенің, жолдардың, астана ПИК қызметінің жай-күйіне, тұрақтардың, бала бақшалардың, кітап дүкендерінің және басқаларының жетіспейтіндігіне байланысты проблемалық жағдайы оның айрықша назарында болды. Арнайы мерекеге арналған ?Астананың 10 жылдығы? мерейтойлық медалі тағайындалып, онымен бүкіл республика бойынша 30 мыңға жуық адам марапатталды. Мерекелік салтанат Мемлекет басшысы ?Атамекен? қорғандық кешенінде Мемлекеттік жалауды көтеру рәсімін ашып, қазақстандықтарды алда тұрған мерейтоймен құттықтаған 30 маусымнан бастау алды. Одан кейінгі күндер ішінде Н.Ә.Назарбаев Астана қаласының Қазақстанның өңірлері елордаға тарту еткен нысандарын аралап шықты. Олардың қатарында цирк ғимаратының алдындағы алаңқай (Қарағанды облысы), ?Жастар? алаңы (Алматы қаласы), ?Нұр Астана? орталық мешітінің жанындағы гүлзар (Маңғыстау облысы), Б.Момышұлы (Жамбыл облысы) мен Жамбыл (Алматы облысы) ескерткіштері, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова мемориалдық кешені (Ақтөбе облысы), ?Еуразия? монументі (Батыс Қазақстан облысы) және басқалары бар. Сонымен қатар мереке күндері Президент Республикалық диагностикалық орталықтың, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жаңа ғимаратының, ?Астана? ұлттық теннис орталығының және басқаларының ашылуына қатысты. 5 шілдеде Мемлекет басшысы өзінің ?Ақорда? резиденциясында Қазақстанға мерейтойлық іс-шараларға қатысу үшін келген Әзірбайжан Президенті И.Г.Әлиевті, Армения Президенті С.А.Саргсянды, Грузия Президенті М.Н.Саакашвилиді, Қырғызстан Президенті Қ.С.Бакиевті, Ресей Президенті Д.А.Медведевті, Тәжікстан Президенті Э.Ш.Рахмонды, Түркіменстан Президенті Г.М.Бердімұхамедовты, Түркия Президенті А.Гүлді қабылдады. Сол күні Президент Бейбітшілік пен келісім сарайында елорданың 10 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты. 6 шілдедегі мерекелік іс-шаралар Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда ұрпақтар сабақтастығын нышандау үшін тұрғызылған ?Қазақ елі? монументінің ашылу салтанатынан басталды. Мерейтойлық оқиғаға байланысты Қазақстан лидерінің атына еліміздің азаматтары мен еңбек ұжымдарынан, мемлекет басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен, шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті. Олардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ Президенті Дж. Буш, ЮНЕСКО бас директоры К.Мацуура, Сингапур Парламентінің спикері А.Тармуга, АҚШ Демократия ұлттық институтының президенті К.Уоллак және басқалары бар. Тұтастай алғанда елорданың жаңа нысандарының саны мерейтойлық іс-шаралар аясында берілгендерімен шектелген жоқ. Жыл ішінде ?Сарыарқа? және ?Керуен? ойын-сауық орталықтары, ҰҚК жаңа әкімшілік ғимараты, Астана қаласының №60 лицейі, ?Авиценна-Элит?, ?Солтүстік шұғыласы? тұрғын үй кешендері, ?Astana Fіnancіal Tower? бизнес-орталығы, ?Пекин Палас? бес жұлдызды қонақүй кешені, Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпір және басқалары пайдалануға берілді. Әлемдік экономикалық дағдарыстың зардаптарына қарамастан елордада сонымен қатар тұрғын үй құрылысының да қарқынды жүргізілгенін атап айту керек. Жаңа жыл қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойларын жасады. №2 перзентхана дәрігері А.Югайға, көпбалалы ана Т.Тоқтароваға, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғ.Шәмілұлына, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы А.Аймағанбетоваға, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің суда жүзу бойынша жаттықтырушысы А.Кудрявцевке, №58 орта мектеп мұғалімі О.Шахановқа жаңа пәтер кілтін тапсырып тұрып: ?Муниципалдық тұрғын үй беру ? мемлекеттің дәрігерлерге, мұғалімдерге, мәдениет қайраткерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге, табысы аз адамдарға, мүгедектерге, ардагерлерге деген қамқорлығының жарқын куәсі?, деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев. 2008 жылы Астана қаласын дамытудың қорытындылары Астана қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен желтоқсандағы елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кезекті кеңесте жасалды. Онда үшжылдық кезеңге арналған бірінші кезектегі қала құрылысы іс-шараларын көздейтін қаланың Бас жоспарына түзетулер жобасы ұсынылды. ?Елордаға негізгі керектілерді біз жасадық, барлық инфрақұрылым салынды, барлық үкіметтік және заң шығарушы билік құрылымдары осында, қаланың орталығы салынды, адамға қажеттілердің бәрі бар, ? деді өз сөзінде Президент. ? Алайда өмір бір орнында тұмайды, алға жылжиды, біз де бар күш-жігерімізді артта қалған инфрақұрылымды алға сүйреуге шоғырландыруға тиіспіз?. Осыған байланысты қалалық әкімдікке барлық күш-жігерді елорданың инфрақұрылымын, бірінші кезекте жылу және энергиямен қамсыздандыру жүйесін дамытуға шоғырландыру тапсырылды. 2008 жылы үлкен қоғамдық серпіліс туғызған іс-шаралар қатарында Мемлекет басшысының Парламенттің төртінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуында қыркүйектегі сөйлеген сөзі болды. Сонда депутаттық корпус алдына қойылған міндеттерге сәйкес 2008 жылы Салық және Бюджет кодекстері, 2009-2011 жылдарға арналған үшжылдық бюджет, бәсекелестік туралы заң қабылданды, сондай-ақ 2007 жылы қабылданған Конституцияға түзетулер аясында елді одан әрі демократияландыру үшін құқықтық база жасау жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда судьялық лауазымдарға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесі мен рөлін көтеруді, сот құрылысын реформалауды көздейтін сот жүйесі туралы заңнамаға өзгерістер бекітілді. Сайлауға, саяси партияларға, БАҚ пен жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты заң жобалары Парламентте қаралып жатыр. Жаңа нормалар бойынша, белгілі болып отырғандай, Мәжілісті бірпартиялық негізде қалыптастыруға болмайды, партияларды тіркеу рәсімі оңайлатылады, БАҚ қызметі ырықтандырылады, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы айқындалады және тағы басқалар. Және бір мәнді оқиға қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясы болды, онда Президент ұлттық бірлік доктринасын, жастарды тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын және мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру жөнінде шаралар жүйесін әзірлеуге бастама көтерді. 6 қарашада Н.Ә.Назарбаев ?Нұр Отан? халықтық-демократиялық партиясы ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумына қатысты. Оған қатысушылар алдында сөз сөйлеген Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарының қабылданғанын жария етті, қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан ревизиялаудың және лоббилау туралы арнайы заң қабылдау қажеттігін қадап айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын Президенттің ұдайы назарында ұстап отырғанын атап көрсеткен жөн. Жыл ішінде аталған проблематика сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында, Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында, Бас прокуратура, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті басшыларының есеп беру барысында қаралды. Қараша-желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев ?Сапа саласындағы үздік жетістігі үшін? Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаттарын және ?Алтын сапа? республикалық конкурс-көрмесінің дипломанттарын марапаттау салтанатына қатысты, сондай-ақ 2008 жылдың басында тағайындалған жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі ?Парыз? конкурсының жеңімпаздарына сыйлық тапсырды. Елдің қоғамдық-саяси күнпарағының мерейлі жабылуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 17 жылдығын мерекелеу болды. Мереке қарсаңында Мемлекет басшысы қазақстандықтардың үлкен тобына мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды. Олардың қатарында ?Халық қаһарманы? жоғары атағына ие болған Қазақстан Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев, сондай-ақ еңбектегі ерлігі үшін ?Қазақстанның Еңбек Ері? жоғары мемлекеттік наградасының тұңғыш иегерлері болған Ы.Алтынсарин атындағы №159 Алматы гимназиясының директоры А.Т.Миразова және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ?Зенченко және К? коммандиттік серіктестігінің бас директоры Г.И.Зенченко бар. Жыл ішінде Президент сонымен қатар жұмыс сапарымен елдің барлық өңірлерінде болды. Бұл сапарлардың барысында ол облыстардың активтерімен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, жұртшылық өкілдерімен кездесіп, 100-ден астам өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарда болды, жаңа өндіріс орындарын ашуға қатысты. Мемлекет басшысы курорттық аймақтардың инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде ? Бурабай қаласында, елдің энергетика кешенін дамыту перспективалары жөнінде ? Павлодар қаласында, денсаулық сақтау жүйесінің проблемалары жөнінде ? Шымкент қаласында, химиялық өнеркәсіпті дамыту жөнінде ? Тараз қаласында, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту және 30 корпоративтік көшбасшы мәселелері жөнінде ? Қостанай қаласында, Шығыс Қазақстан облысы қалаларының, аудандарының және ауылдық округтерінің әкімдерімен ? Глубокое ауданының Предгорное ауылында көшпелі кеңестер өткізді. Н.Ә.Назарбаев сонымен қатар Қарағанды облысының Жезқазған қаласында өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері жөніндегі республикалық форумға және Қостанай облысының Рудный қаласында өткен орта буын кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау проблемаларына арналған Халықаралық еңбек форумына қатысты.
Ұлттық қауіпсіздік пен Қарулы Күштер құрылысы мәселелерін өткір назарда ұстай отырып, Мемлекет басшысы тұрақты негізде әскери бөлімшелерде болып тұрды. Жыл ішінде ол Астана қаласына қоныс аударған бірқатар әскери бөлімдерде, Оңтүстік Қазақстандағы ?Оңтүстік? өңірлік басқармасының Сарыағаш шекара жасағында және басқаларында болды.* * *
Сыртқы саясат қызметінің аясында Мемлекет басшысы, жоғарыда айтылғандай, 11 жан-жақты саммиттерге: ТМД (3 отырыс), ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ саммиттеріне, Дүниежүзілік Экономикалық Форумға, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 17-сессиясына, Орталық Азия лидерлерінің кездесуіне, Астана қаласының 10 жылдығын мерекелеу аясында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағындағы мемлекет басшыларының бейресми кездесулеріне, сондай-ақ біздің елімізде және шетелде өткен 8 халықаралық форумдарға: АӨСШК СІМ-нің ІІІ сессиясына, ?Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалог? СІМ-нің VІІ сессиясына, ?Ортақ әлем: саналуандық арқылы прогреске? мұсылман және батыс елдері форумына және басқаларға қатысты. Достастық елдерінің мемлекетаралық бірлестіктері желісі бойынша өзара іс-қимыл анағұрлым қарқындылығымен сипатталды.
Осылайша, жыл ішінде ТМД-ның 3 саммиті: жоғары деңгейдегі 2 бейресми кездесу ? 22 ақпанда Мәскеу қаласында және 6 маусымда Санкт-Петербургте болды, сондай-ақ 10 қазанда Бішкекте саммит өтті.
ТМД мемлекеттері басшыларының кездесулерінде талқыланған негізгі тақырып ? ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын іске асырудың, сондай-ақ ТМД-ны 2020 жылға дейін экономикалық дамыту стратегиясы жобаларын әзірлеудің барысы, Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары кешені, 2020 жылға дейін көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары мәселелері болды. 5 қыркүйекте Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының жұмысына қатысты, оның барысында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ҰҚШҰ) жауапкершілігі аймағында туындаған проблемалар қаралды, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Минск (2006) және Душанбе (2007) сессиялары шешімдерінің орындалуы қорытындыланды. Н.Ә.Назарбаев қазанда Бішкек қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің отырыстарына және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысты. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің отырысының күн тәртібі 2010 жылға дейін кеден одағын қалыптастыру жөніндегі бұрын қабылданған Іс-қимыл жоспарына сәйкес ЕурАзЭҚ аясында кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелерін қамтыды.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуінде өңірдегі су шаруашылығы, энергетика және азық-түлік салаларындағы ағымдағы мәселелерді бірлесіп шешу шаралары, сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қоры қызметі талқыланды. 19-21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында өткен Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми саммитіне қатысты. Кездесудің қорытындысында ҰҚШҰ аясында жедел әрекет ету күштерінің тобын қалыптастыру, әлемдік экономикалық дағдарыс зардаптарын еңсеруге көмектесу үшін бірлескен қор құру және инновациялық жобаларды бірлесіп әзірлеу мен енгізу жөніндегі жоғары технологиялар орталығын құру туралы келісімдер болды. Саммит барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Ел Президенті басқа да халықаралық және мемлекетаралық форумдар жұмысына қатысуға да басым ден қойды.
Мәселен, Н.Ә.Назарбаев 18 мамырда Египеттегі Шарм әл-Шейх курортты аймағында өткен Таяу Шығыс бойынша Дүниежүзілік Экономикалық Форумға (Давос) қатысты. Форумға 15 мемлекет пен үкіметтің басшылары, 80-ге жуық министр, әлемнің 60-тан астам елінің ірі бизнесмендері мен қоғам қайраткерлері, оның ішінде Таяу Шығыстағы ?квартеттің? (БҰҰ, ЕО, АҚШ және РФ) арнаулы өкілі Т.Блэр, МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммед әл-Барадеи, Дүниежүзілік Банк президенті Р.Зеллек қатысты. Мемлекет басшысы маусымда Астанада ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 17 сессиясының жұмысын ашты. Н.Ә.Назарбаев оған қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде ЕҚЫҰ-ның бүгінгі күн тәртібінің өзекті мәселесі оны жаңа халықаралық болмысқа бейімдеу болып табылады деп мәлімдеді. Өз кезегінде, ?Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы шешім елімізді ?Еуропаға жол? атты арнаулы бағдарламаны әзірлеуге жетеледі?. Ол энергетика, көлік транзиті, технологиялар трансферті, білім, гуманитарлық ынтымақтастық саласында Еуропа елдерімен кең тұрғыда іс-қимыл жасаудағы мүдделілігімізді білдіреді. Сессия аясында Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Й.Леннмаркермен, ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары К.Воллебекпен, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия төрағасы Э.Хастингс басшылық еткен АҚШ Конгресі делегациясымен екіжақты кездесулер өткізді. 28 тамызда Душанбеде өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Н.Ә.Назарбаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, біртұтас энергетикалық кеңістік құру, көлік коммуникацияларын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін, стихиялық апаттардың алдын алу және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер аумағында олардың зардаптарын жою тетіктерін қамтамасыз ету қажеттігіне баса ден қойды. Президент екіжақты қатынастар желісі бойынша жылды Оман Сұлтандығына 15-16 наурызда барған ресми сапарымен ашты. Күн тәртібінде Парсы шығанағы бағытындағы және қайтар жолдағы өзара жүк тасымалын ұйымдастыру, Оманның Қазақстанның стратегиялық маңызды салаларында инвестициялық қатысуын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨІСШК) мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты халықаралық бастамаларының қызметіне қатысуы мәселелері болды.
Маусымның бірінші жартысында Мемлекет басшысы Францияда ресми сапармен болды, онда Президент Н.Саркозимен, Премьер-министр Ф.Фийонмен, Парламент палаталарының спикерлері К.Понселемен және Б.Аккуайемен, Францияның экс-президенті Ж.Ширакпен кездесті. Сапардың маңызды бөлігі Канндағы ?Талес? аэроғарыш компаниясына бару, сондай-ақ Францияның іскер топтарының өкілдерімен кездесу болды. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Францияның стратегиялық әріптестігі туралы маңызды құжатқа, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 10 шақты келісімдер мен шарттарға қол қойылды. Н.Ә.Назарбаев қазақ-француз ынтымақтастығын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін Францияның жоғары мемлекеттік наградасы ? Құрметті легионның Үлкен Крест орденімен марапатталды.
Маусымның екінші жартысында Президент Жапонияда ресми сапармен болды. Оның аясында Император Акихитомен, Парламент палаталарының спикерлері Йохей Конномен және Сатцуки Эда, Премьер-министр Ясуот Фукудамен, Жапонияның Экономика, индустрия және сауда министрі Акира Амаримен кездесулер өткізді. Сонымен қатар жапондық кәсіпкерлердің Қазақстанға деген үлкен қызығушылығын ескере отырып, Н.Ә.Назарбаев әлемге әйгілі компаниялар ?Сумитомо корпорейшн?, ?Марубени корпорейшн?, ?Тошиба?, ?Кансай электрик пауэр?, ?Токио электрик пауэр?, ?Мицуи?, ?Иточу?, ?Мицубиси?, ?Инпекс? басшылығымен кездесіп, олардың Қазақстанның қайта өңдеу кешенін, мәшине жасауды, энергетика, көлік және коммуникация инфрақұрылымын, құрылысты, фармацевтиканы дамыту жобаларына қатысуын талқылады.
Ядролық қарусыздану ісіне қосқан үлесі, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, толеранттық пен ұлтаралық үйлесімді нығайту жөніндегі бастамалары үшін Император Акихито Елбасын Жапонияның жоғары мемлекеттік наградасы ? Үлкен лентадағы Хризантема орденімен марапаттады. Шілденің соңы ? тамыздың басында Мемлекет басшысы Испанияда жұмыс сапарымен болды, ол Король І Хуан Карлоспен кездесті, жетекші испандық компаниялар ? ?Телефоника? (телекоммуникациялар), ?Ибердрола? (энергетика), ?Индра? (ақпараттық технологиялар), ?Драгадос? (құрылыс және инфрақұрылым), ?Тальго? (теміржол көлігі) басшыларымен Қазақстанда балама энергетика, автомобиль жолдары құрылысы, жүрдек теміржол қатынасы, туризм саласындағы ірі жобаларды іске асыру тұрғысында келіссөздер жүргізді. Н.Ә.Назарбаев сапарының соңында Сарагостағы ?Экспо-2008? Дүниежүзілік көрме аясында Қазақстан күнінің ашылу салтанатына қатысты. 6 тамызда Моңғолияға мемлекеттік сапар болды. Ел Президенті Н.Энхбаярмен, Парламент төрағасы Д.Лунджээжанцанмен және Премьер-министр С.Баярмен кездесулер барысында бірлескен кәсіпорындар құру, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізіп беруді жолға қою, бірлескен транзит-көлік әлеуетін дамыту саласында ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Н.Ә.Назарбаев қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесуге де уақыт тапты.
Н.Ә.Назарбаевқа қазақ-моңғол қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін осы елдің жоғары мемлекеттік наградасы ? ?Эрдэнэ Очир? ордені тапсырылды.
Мемлекет басшысы Моңғолияға сапары аяқталған соң бірден Қытайға жол жүрді, онда Пекиндегі ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, қазақстандық олимпиадашылармен кездесті. Сол кезде Президент ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен, РФ Үкіметінің Төрағасы В.В.Путинмен және Корея Президенті Ли Мен Бакпен кездесті.
Н.Ә.Назарбаев 12 тамызда қысқа мерзімді жұмыс сапарымен Қырғызстанда болып, онда Чолпан-Атада Президент Қ.С.Бакиевпен өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
Қазақстанда өз кезегінде 12 шет мемлекеттің: Украинаның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Ресейдің, Грузияның, Түркіменстанның, Түркияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, ГФР-дың, Латвияның, Катардың басшылары сапармен болды. Осы арада Ресей Президенті Д.А.Медведевтің ұлықтау рәсімінен кейін алғашқы шетелге жол жүруін ? біздің елімізге 22 мамырда жасаған мемлекеттік сапарын атап көрсетуге болады. Президент жыл бойы 9 шетелдің Премьер-министрлерін, атап айтқанда, Италияның, Люксембургтің, Литваның, Кореяның, Францияның, сондай-ақ қазан айында Ұйым үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушыларды қабылдады. Олардың қатарында ? ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябао, РФ Үкіметінің Төрағасы В.В.Путин, Тәжікстанның Премьер-министрі А.Акилов пен Моңғолияның Премьер-министрі С.Баяр бар.
2008 жылы Қазақстанға келген халықаралық ұйымдардың, шетелдің саяси және іскер топтарының өкілдерімен көптеген кездесулер болды. Олардың арасында Азия қоғамының төрағасы Р.Холбрук, Таяу Шығыстағы ?квартеттің? (БҰҰ, ЕО, АҚШ және РФ) арнаулы өкілі Т.Блэр, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы К.Райс, ИЕК (Ислам елдері конференциясы) бас хатшысы Э.Ихсаноглу, ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Н.Бордюжа, ЕҚЫҰ Төрағасы ? Финляндияның Сыртқы істер министрі А.Стубб, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Т.А.Мансұров, Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысы Төрағасы К.Топтан, Абу Даби мұрагер ханзадасы шейх Мухаммед бен Заид әл-Нахаян, БДҰ бас директоры М.Чан және басқалар бар. Мемлекет басшысы Ресейдің, Израильдің, Латвияның президенттерімен, АҚШ-тың сайланған Президенті Б.Обамамен, Палестинаның ұлттық әкімшілік төрағасы М.Аббаспен телефонмен келіссөздер жүргізді.
Президент жыл соңында Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпуспен дәстүрлі кездесу өткізді. Жыл бойына әлемнің 20 елінің елшілері сенім грамоталарын тапсырғанын атап өтуге болады. Сонымен қатар АӨСШК, ЕҚЫҰ, ИЕК, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және ТҮРКСОЙ сияқты 6 ықпалды халықаралық бірлестікке таяудағы үш жылда Қазақстанның алдағы төрағалық етуімен байланысты халықаралық танылудың сапалы жаңа деңгейіне шыққанын ескере отырып, Мемлекет басшысы 19 қарашада болған кеңейтілген алқа отырысында Сыртқы істер министрлігі алдына бірқатар міндеттер қойды. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: ?Алдағы кезеңде сыртқы саясат ведомствосы барлық мемлекеттік органдардың белсенді қатысуымен мынадай маңызды бағыттарда күш жұмылдыруы керек: біздің шекарамыздың бойымен қауіпсіздік және тату көршілік белдеуін нығайту; әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдің экономикалық дамуына жан-жақты жәрдемдесу; Еуразиялық және Орталықазиялық ықпалдасуды тереңдету?, деп атап көрсетті. Президент Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді, сондай-ақ ?Еуропаға жол? атты мемлекеттік бағдарламаны толыққанды іске асыруды қамтамасыз етуді, 2009 жылы Астанада ? Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезін, Давос экономикалық форумы аясында жаһандық конференцияны өткізуді, 2010 жылы ? АӨІСШК-нің кезекті саммитін өткізуді және басқа мәселелерді тапсырды.* * *
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 17 жылдығын атап өтуге байланысты салтанатты жиналыста: ?Мен үшін ең жоғары награда ? осы жылдардың барлығында өзгермеген бүкіл халықтың қолдауы мен халықтың сенімі. Ең қиын уақытта маған жігер беретін, жігерлендіретін ? осы сенім. Денсаулығым мен күш-қуатым жеткенше Отанымыздың және Қазақстан халқының игілігіне жұмыс істеймін, еңбек етемін деп нақты айта аламын!? деген еді. Президенттің осы сөздері аяқталған саяси жылдың ауқымды да айқын арқауы болмақ.