Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды.