Президенттің Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық Манас әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды
Фото: Ақорда

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты.

Завершился официальный визит Президента Казахстана в Кыргызскую Республику
Фото: Ақорда

Кейіннен Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Завершился официальный визит Президента Казахстана в Кыргызскую Республику
Фото: Ақорда

Президент Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді.

Екі ел басшысы жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты.

Тоқаев аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады.

Сондай-ақ Тоқаев пен Жапаров «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы № 33 мектеп-гимназияға барды.

Соңғы жаңалықтар