Президенттің уәдесі орындалды, біз баспаналы болдық – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің халықпен кездесуінде Орал қаласының тұрғыны Қарлыға Жармұхамбетова Мемлекет басшысына алғысын білдірді. 

Президенттің уәдесі орындалды, біз баспаналы болдық – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны
Фото: БҚО әкімдігі

Қарлығаштың отбасы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен. Олардың үйіне нөпір су кіріп, кейін баспаналары тұруға жарамсыз болып қалған. Бірақ үйін су басқан тұрғындардың бәрі 31 тамызда жаңа баспанаға көшіп, қуанышқа кенелді. 

«Отбасымның атынан Президентке алғыс айтамын. 31 тамызда «Жұлдыз» шағын ауданынан баспана алып, балалар да сол жердегі мектепке қабылданды. Мемлекет басшысының халыққа берген уәдесі орындалып, баспанасыз қалған тұрғындар үйлі болды», - деді Қарлыға Жармұхамбетова. 

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 900 тұрғын үй салынған. Сондай-ақ бастапқы және қайталама нарықтан 2 мыңнан астам пәтер сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар
telegram