«Прикаспийская коммуна» басылымының 20 мыңыншы саны жарыққа шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Прикаспийская коммуна» басылымының 20 мыңыншы саны шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бүгінде жарыққа шыққанына 96 жыл толып отырған біздің басылымыз үшін бұл үлкен оқиға, өзіндік бір белес. Бүгінде интернет-басылымдармен және телевизиямен бәсекелесіп келе жатқан баспасөз басылымдары өте бір қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Алайда, біздің ұжымымыз үшін ең басты мәселе - өзінің оқырмандарын сақтап қала алды. Аптасына екі рет жарыққа шыға отырып, біз электронды ақпарат құралдары сияқты болған оқиғаларды жедел бере алмаймыз. Бірақ, біз өзіміздің оқырмандарымызды өзге мәселемен қызықтырудамыз. Біз далада, мұнай және аурухана, мектептерде қымет етіп келе жатқан қарапайым адамдар туралы көп жазамыз. Біз сенсация қумай өңір халқының қалай өмір сүріп жатқандығын кеңінен суреттеуге тырысамыз. Сол себепті де біздің тілшілеріміз еңбек ұжымдарына жиі бас сұғады. Қарапайым халықтың тыныс-тіршілігі мен олардың күнделікті өмірлері туралы дүниелер біздің оқырмандарымызды басылымға қызықтырып отыр деген ойдамыз»,-дейді газеттің бас редакторы Нәсіп Шалабаева.

Соңғы жаңалықтар