Приморья жағажайындағы дауыл кезінде құтқарушылар 30 адамның өмірін аман алып қалды

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Приморский аймағындағы Ливадия кентінде дүйсенбі күні дауыл кезінде теңізге батып бара жатқан 33 адамның өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Құтқарушылар жай күндері Приморья жағажайында күніне кем дегенде 8-10 адамға көмек көрсететін.

Құтқарылғандардың арасында екі бала бар.

Қатты толқындардың салдарынан құтқарушылар суға кетіп бара жатқандардың артынан сүңгіген, себебі соққан жел адамдарды қайықтың көмегімен алып шығуға мұрша бермеген. Матраспен жүзіп жүргендер дауыл соққанда теңіздің ортасына қарай ағып кеткен.

Соңғы жаңалықтар