13:40, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Приозерскіде Балқаш көлінде бұдан бір ай бұрын суға кеткен өрт сөндіру бөлімі бастығының мүрдесі табылды
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Бүгін таңертең сағат 07.25-те сәуірдің 22-сінде суға кеткен Приозерск қаласындағы №47 өрт сөндіру бөлімі бастығының мүрдесі табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қайғылы оқиға Балқаш көлінде бұдан бір ай бұрын орын алған болатын. Приозерскіден 9 шақырым, жағалаудан 300-400 метр қашықтықта 6 адам мінген қайық аударылып түскен. Қайықтағылардың үшеуі ? Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Балықшылардың көмегі арқасында екеуін құтқарудың сәті түсті. Опат болған екі адамның мәйіті сәуірдің 30-ы мен мамырдың 1-інде, ал мамырдың 16-сында тағы бір мүрде табылды. Бүгін опат болғандардың ең соңғысының мүрдесі қолға тиді.