Приозерскідегі апатты жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының қылмыстық полициясы қақаған қыстың ортасында тұтас бір қаланы жылусыз қалдырған Приозерск қазандығындағы апатты оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.
None
None

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменованың хабарлауынша, қылмыстық іс «салғырттық» бабы бойынша қозғалып отыр.

«2011 жылдың 14 қаңтарында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 2010 жылдың 29-30 желтоқсанында Приозерск қаласының жылумен жабдықтау жүйесінде орын алған апатты оқиғаға орай бірқатар шенеуніктерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 216-шы бабы 2-ші тармағына сәйкес (салғырттық) қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы.

Қылмыстық іс атап айтқанда, Приозерск әкімі аппаратының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің, "Приозерск қаласының Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» кәсіпорнының және басқа да бөлімдердің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалып отыр", - деп нақтылады Г.Сүлейменова.

«Қылмыстық іс бойынша тексерулер басталып кетті. Алдын ала тексерулер аяқталғаннан кейін, барлық деректер жұртшылықтың назарына жеткізіледі», - деді облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар