Профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың құрбаны болды — ІІМ істі тергеп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Танымал журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Хамзин Алматыда алаяқтардың құрбаны болды. Қазір істің мән-жайын құзырлы органдар тергеп жатыр. 

полиция ІІМ
Фото: СҚО ПД

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі «Белгілі журналист, профессор Кәкен Хамзин алаяқтарға алданып, жалғыз пәтерін сатып, ақшасынан айырылыпты осы оқиғаға түсінік беріңізші» деген сауал қойды.

— Қылмыс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты, қазір істің мән-жайын айта алмаймын. Қылмыстық-процестің 201 бабына сәйкес іс тергеліп жатқан кезде, мән-жайды жариялауға болмайды. Бұл бойынша жедел іздестіру амалдары жүріп жатыр. Біз бұндай қылмыстардың қайдан, қалай жасалып жатқанын білеміз. Қазір қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны, шетелге транзакциямен жөнелтілгеніне қатысты тексеру жүріп жатыр, — деп жауап берді Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Айта кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде профессор Кәкен Хамзин алаяқтарға алданып, жалғыз үйінен айырылғалы жатыр деген тақырыпта бірнеше жарияланым шыққан еді.

Еске салайық, құзырлы органдар соңғы кездері интернет-алаяқтық түрленіп, жаңа цифрлық шешімдер қолдана бастағанын ескертеді

Сондай-ақ таяуда алты адамды алдап, ірі залал келтірген қазақстандық күдікті Дубайда ұсталды

Соңғы жаңалықтар