Профибокс: Әбілхан Аманқұлдың айқасы күтпеген нәтижемен аяқталды

Орта салмақтағы қазақстандық Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4KO) АҚШ-та Сауль Альварес - Джермелл Чарло жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

аманқұл
Фото: видеодан кадр

Аманқұл америкалық Джошон Джеймспен (7-0-2, 4КО) кездесті.

Қазақстанның кәсіпқой боксшы Instagram-парақшасында жазылғандай, кездесу жоспарланған барлық раундтың соңына дейін жалғасты. Оның нәтижесінде ұпайлар тең болды. Төрешілердің бірі жеңісті Аманқұлға берсе (39-37), өзгелері 38-38 есебін тіркеді.

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшының мансабында бұл - тең нәтижемен аяқталған екінші жекпе-жек. Ал Аманқұл рингтен алғаш рет жеңіссіз түсті. Ол бұған дейінгі барлық айқасын жеңіспен аяқтаған еді. 

Айта кетейік, бокс кешінің басты оқиғасы әлемнің қос абсолютті чемпиондары – мексикалық Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39KO) пен америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19KO) арасында өтеді. 

Бүгін андеркардта тағы бір қазақстандық өнер көрсетті – Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) нигериялық Абимбола Осундаироны (5-0, 3КО) нокаутпен жеңді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKHSTAN PROF. BOXING (@kazproboxing)

Соңғы жаңалықтар