Профильді комитет Қырғызстан парламентін өз еркімен тарату туралы ұсынысты мақұлдады
АСТАНА.KAZINFORM — Қыркүйектің 23-і күні Қырғызстан Парламенті Мәжілісінің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитеті 7-шақырылымды өз еркімен тарату туралы ұсынысты қарады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Депутат Ұлан Пірімов бастамашыл топтың құрамында 32 депутат бар екенін атап өтті.
— Екі маңызды оқиғаның — президенттік және парламенттік сайлаудың арасындағы айырмашылық екі айға да жетпейді. Сондықтан елдегі саяси жүйе мен тұрақтылықты нығайту мақсатында бастамашыл топ парламентті өз еркімен отставкаға жіберуді ұсынады, — деген депутат, тағы бір маңызды мәселе сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталды.
Қарау қорытындысы бойынша комитет ұсынысты парламент отырысында қарау мерзімін анықтау үшін Жогорку Кенешке, оның ішінде Үйлестіру кеңесіне жіберді.
Бұған дейін парламент отырысында Жогорку Кенеш (парламент) спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы өз еркімен тарату процесінің басталғанын растаған болатын.
Бұған дейін Қырғызстанға парламенттің өзін-өзі таратуы не үшін қажет екенін жазған едік.