08:41, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
«Прогресс М 02-М» жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысына барар жолда
БАЙҚОҢЫР. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Мамырдың 8-і күні «Байқоңырдан» аттанған «Прогресс М 02-М» жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен бірнеше күннен кейін түйіседі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Прогресс М 02-М» - басқару жүйесі жетілдірілген жаңа сериядағы екінші жүк кемесі, Ағымдағы жылдың соңына дейін Халықаралық ғарыш стансысына тағы үш жүк кемесі аттанады, деп хабарлайды «Ресейғарыштың» баспасөз қызметінен. «Прогресс» стансыға 2,5 тоннадай жүк, атап айтқанда, су, азық-түлік, отын, жабдықтар жеткізеді. Мамыр айының соңына қарай стансыда 6 адамнан тұратын экипаж жұмыс істей бастайды, сондықтан да қазіргіден екі есе көп азық-түлік керек болады, дейді жердегі мамандар.