«Прогресс М-18М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына ойдағыдай түйісті

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - "Прогресс М-18М" жүк кемесі Халықаралық ғарыш кемесіне ойдағыдай түйісті. РФ Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жүк кемесі бүгін мәскеу уақыты бойынша сағат 00:35-те "Пирс" түйісу бөлігіне жетті.
None
None

"Прогресс М-18М" жүк кемесі бар ғарыштық мақсаттағы "Союз-У" зымыраны кеше мәскеу уақыты бойынша сағат 18:41-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды.

Халықаралық ғарыш стансасына жеткізілген жүктердің жалпы салмағы 2,5 тоннадан асады.

Соңғы жаңалықтар