«Прогресс МС-02» жүк кемесі ХҒС-пен түйісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа сериялы екінші ресейлік "Прогресс-МС" ғарыш жүк кемесі автоматты режімде Халықаралық ғарыш стансасына түйісті. Бұл туралы ТАСС-қа Мәскеу түбіндегі Ұшуды басқару орталығынан мәлімдеді.

"Кеменің стансамен түйісуі есепті уақытта орын алды", - деді ҰБО-да.

Екінші ұшырылым

«Прогресс МС-02» кемесімен «Союз-2.1а» зымыран тасығышы 31 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылған болатын. Бұл 2015 жылғы сәуірде болған апаттан кейін (кеме зақымданып, мақсатты орбитаға шығарылмаған)  "Прогресс" сериясының кемесімен "Союз-2.1а" зымыран-тасығышының екінші ұшырылымы.  Апаттан кейін «Прогресстің» «Союз-2.1а» зымыранымен тізбегінің бірінші ұшырылымы өткен жылғы желтоқсанда болған.

ХҒС-қа ұшырылым кезінде "Прогресс МС-02" кемесінде жаңа сериялы  "Союз-МС" басқарылатын кемеде осы жылғы маусымда ұшырылым уақытында пайдаланатын жаңа жүйе тестіленді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram