«Прогресс МС-28» кемесінің бөлшектері Тынық мұхитына құлады

АСТАНА. KAZINFORM — Роскосмостың хабарлауынша, кеме атмосфераның тығыз қабатына еніп, бұзылған, деп жазады ТАСС. 

«Прогресс МС-28» кемесінің бөлшектері Тынық мұхитына құлады
Фото: Роскосмос/Александр Гребенкин

— Бүгін ХҒС-та алты ай болған жүк кемесі орбитадан шығып, атмосфераның тығыз қабатына кіріп, жойылды. TsNIIMash ұшуды басқару орталығының мәліметі бойынша, кеме құрылымының жанбаған элементтері Тынық мұхитының оңтүстігіндегі жүзуге болмайтын аймаққа құлады, - деп атап өтті мемлекеттік корпорация. 

Кеме ХҒС-тан 25 ақпанда Мәскеу уақытымен 23:17-де шығарылды. Осыдан кейін автономды рейске шыққан.

Прогресс МС-28 ХҒС-қа 17 тамызда жетті. Сол кезде ол Халықаралық ғарыш стансасына 2,6 тонна құрал-жабдық пен ғылыми жабдықтар, киім-кешек, азық-түлік, ғарышкерлерге арналған сыйлықтар мен басқа да пайдалы жүктер, оның ішінде SPIN-X1-MVN рентген спектрометрін жеткізді. Оны ғарышкерлер желтоқсан айында экстравегикулярлық әрекет кезінде «Звезда» модулінен тыс орнатқан.

Прогресс МС-30 жүк кемесі Прогресс МС-28 орнына түйіседі. Жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыраны «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы №31 ұшыру алаңында орнатылған. Ұшыру 28 ақпанға, ал ХҒС-пен түйісуі 2 наурызға жоспарланған. 

Бұған дейін 28 ақпанға қараған түні Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылғанын хабарлаған едік.