Прокуратура 738 жұмыскердің құқығын қорғап, еңбекақы төлемінің өтелуіне ықпал етті

Атап айтқанда, мемлекеттік еңбек инспекторларымен бірлесе өткізілген тексеріс барысында кәсіпорынның 738 жұмыскер алдында жалпы сомасы 53 млн. теңге еңбекақы төлемінің берешегі бар екендігі, сондай-ақ, сомасы 12 млн. теңгеден аса міндетті зейнетақылық аударымдар бойынша берешегі анықталды.
«Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларымен 53 млн. теңге еңбекақы төлемінің берешегі, сомасы 12 млн. теңгеден аса міндетті зейнетақылық аударымдар бойынша берешек кәсіпорын басшылығымен толығымен өтелді. Сонымен қатар, аудан прокуратурасы Павлодар облысы бойынша еңбек департаментіне кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қозғап, құқық бұзушылықты жасауға әсер еткен себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныс енгізді», делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетерлігі, ұсынысты қараудың нәтижесінде кәсіпорынға сомасы 118 920 теңге айыппұл салынып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.