Прокуратура 84 жұмысшының құқығын қорғады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы аудандық прокуратурасы 84 жұмысшының қордаланып қалған 3 461 000 теңге жалақысын өтеуге ықпал етті, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
None
None

Аудандық прокуратура еңбек туралы заңнаманың орындалуына мониторинг жүргізу барысында «Тугел Аубакир и К» ЖШС қызметкерлері алдында жалақы бойынша берешектің барын анықтады.

Бұл арада, «Тугел Аубакир и К» ЖШС 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, үш ай бойы 84 жұмысшының алдында 3 461 000 теңге жалақы берешек болған.

Жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша аудан прокуратура 2015 жылдың 20 наурызында «Тугел Аубакир и К» ЖШС мекен жайына заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жолдады.

Қазіргі уақытта серіктестіктің жұмысшылар алдындағы берешегі толық өтелді.

Соңғы жаңалықтар