Прокуратура азаматтардың конституциялық құқығын қорғайды
Еліміздің негізгі заңы азаматтарға тең құқық пен бостандыққа кепілдік береді, адамдардың әл-ауқаттарының артуына ықпал етеді, олардың бейбіт өмірін қамтамасыз етеді, - деп атап айтты Талдықорған қаласының прокуроры Қайрат Әбдіханов.
«Еліміздегі шұғыл назар аударуға және заң бұзушылықты жоюға қол жеткізуге бейім бірден-бір орган - прокуратура болып табылады. Бұл ретте, ол басқа құқық қорғау органдарын алмастырмайды, кәсіпорындардың, ұйымдардың шаруашылық қызметтеріне және азаматтардың жеке өмірлеріне араласпайды. Прокурорлық қызметтің негізгі бағыты адамдар мен азаматтардың мемлекеттік қызметтің барлық салаларындағы конституциялық құқықтарының сақталуын қадағалау болды және болып қала береді. Биылғы жылы «Заң және кәсіпкерлік» акциясының барысында ғана 87 адамның конституциялық құқығы қорғалды», - деп сөзін түйіндеді Қ.Әбдіханов.