Прокуратура іске араласқан соң, Өскеменнің көпірқұрылыс компаниясы еңбекақыға қатысты барлық қарыздарын төледі

ӨСКЕМЕН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменнің прокуратурасы іске араласқаннан соң, соттың шешімімен «Көпірқұрылыс компаниясы» ЖШС-не қатысты жалпы құны 1 131 740 теңге болатын жалақыға қатысты барлық қарыздарын төлеу туралы жеті атқарушы құжат орындалған, деп хабарлады облыстық прокуратурада.
None
None

Прокуратураның тексерісі сәуір-мамыр айларының өзінде Әкімшілік соттардың сот орындаушы бөлімдері жоғарыда көрсетілген сомадағы жеті қызметкердің жалақысын төлеу туралы атқарушы іс қозғалғандығын анықтады.

Прокуратура іске араласқаннан соң, жұмысшылардың конституциялық құқығы қорғалып, «Көпірқұрылыс компаниясы» ЖШС еңбекақыға қатысты барлық қарыздарын төлеген.

Соңғы жаңалықтар