Прокуратура қызметкерлері ішкі істер бөліміндегі құқық бұзушылықты анықтады - Қызылорда облысы
Аталған бөлімшеде есепті мерзімде 936 құқық бұзушыларға барлығы 7 миллион 295 мың 562 теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 4 миллион 106 мың 295 теңге құрайтын 552 әкімшілік іс бойынша айыппұлдар құқық бұзушылардың өз еркімен орындалып, жалпы 3 миллион 189 мың 264 теңге 384 әкімшілік ісі бойынша құқық бұзушыларға қаулылар өз еркімен орындау мерзімі өтіп кетуіне байланысты осы уақытқа дейін уақытылы өндіруге шаралар қабылданбаған.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 707-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапқа тартылған адам айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға, жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, айыппұлды әкімшілік айыппұл салу туралы қаулының заңды күшіне енген күннен бастап, отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс екені белгіленген.
Ал осы Кодекстің 708-бабының 4-бөлігінде, егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi деп көрсетілген.
Алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында аудандық прокуратура аудандық ішкі істер бөліміне 25 шілде 2011 жылы ұсыныс енгізіп, оның қаралу нәтижесінде облыстық ішкі істер департаменті бастығының 3 қырқүйектегі бұйрығымен заң бұзушылықтарға жол берген Т.Үмбетов, өзі атқарып отырған қызметінен төмендетіліп, 384 әкімшілік іс бойынша құқық бұзушыларға қаулыларды мәжбүрлеп орындату үшін аумақтық сот орындаушылар бөліміне жолданды.