Прокуратура наразылығына сәйкес кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Сот барысында белгілі болғанындай, жеке кәсіпкер И.Иманәлиев өз қызметін тексеруге БҚО төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызмет басқармасының маманы К.Қошжановты жібермеген. Сондағы сылтауы - ол тексеру парағын көрсетпеген. Бұл ретте Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты И.Иманәлиевтің талабы дұрыс деген шешімге келген. Алайда өткен жылғы шілденің 17-сіндегі «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірқатар ҚР заңдылық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 2-бабына сәйкес тексерушілер тексеру парағын аталған заң күшіне енгеннен кейін алты ай өткен соң көрсетуге міндетті делінген. И.Иманәлиев жеке кәсіпкерлігін тексеру кезінде бұл мерзім өтпеген. Сондықтан облыс прокурорының наразылығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық сотының қадағалау алқасы соттың бірінші қаралымындағы қаулысын бұзып, И.Иманәлиевке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 356-бабы 1-бөліміне сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.