Прокуратура органдарының ұжымдары арасында волейболдан ведомстволық чемпионат аяқталды
Чемпионатқа өңірлік қағидамен жасақталған алты команда қатысты. Олар - Бас прокуратура (Бас прокуратура, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, С.Есқараев атындағы Институт, Астана қаласының прокуратурасы), Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, «Оңтүстік» (Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының прокуратуралары), «Орталық» (Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуратуралары), «Батыс» (прокуратуры Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Бастыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары), «Шығыс» (Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары) құрама командалары.
Бас прокуратураның командасы жарыстың жеңімпазы атанды, екінші орынды «Оңтүстік» командасы иеленсе, үшінші жүлделі орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің командасы жеңіп алды.
Жарысты ұйымдастырушылар номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады, олар - «Үздік шабуылдаушы» - Ерасыл Жанаділов («Оңтүстік» командасы), «Үздік либеро» - Мирас Әліпбаев («Бас прокуратура» командасы) және «Үздік қорғаушы» - Ертай Жосабеков (Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің командасы).
Жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар мен естелік медальдар табыс етілді, ал жарыстың өзге қатысуышылары мақтау қағаздарымен және басқа де бағалы сыйлықтармен марапатталды.