Прокуратура Степногорск әкімдігінің 9 мемлекеттік сатып алуын заңсыз деп тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Степногорск қаласының прокуратурасы қала әкімдігі ұйымдастырған жалпы сомасы 710 млн теңгеге 9 мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзуды анықтады.   

Прокуратура Степногорск әкімдігінің 9 мемлекеттік сатып алуын заңсыз деп тапты
Фото: Kazinform

Анықталған заң бұзу сметалық құнды негізсіз көтеру, артық әрі экономикалық тұрғыдан дәлелсіз жұмыстар көлемін енгізу, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және әлеуетті жеткізушілер арасында бәсекелестік ортаға шектеу қоятын талаптарды белгілеумен байланысты болды.

— Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 710 млн теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алу жойылды. Жергілікті атқарушы органға жобалық-сметалық құжаттамаларды қайта қарау ұсынылып, соның нәтижесінде 3 конкурс алынып тасталды және 6 мемлекеттік сатып алу бойынша сметалық құн төмендетіліп, негізсіз шығыс қысқартылды, — делінген хабарламада.

Нәтижесінде 235 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді. 

Айта кетелік Мемлекеттік сатып алу туралы бірқатар бұйрыққа өзгеріс енгізілді

Соңғы жаңалықтар