Прокуратура жастарға жақсы әке болуды үйретпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура Қазақстанда жауапты әке институтын құруды ұсынады.
None
None

Бұл ұсынысты Үйлестіру кеңесінің бүгінгі өткен отырысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель жария етті.

 «Ана мен бала проблемалары туралы айта отырып, біз әке проблемаларын ұмыт қалдырдық. Отбасын жоспарлауға, әке болуға жауапсыз қараудың өзі алимент төлемеудің басты себептерінің бірі емес пе. Алиментті төлемейтіндердің 97% - бұл ер адамдар», - дейді ол.

И.Меркельдің ойынша, қазіргі уақытта ер балаға тиісті моральдық тәрбие беру ісі жолға қойылмаған. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін жүйелі түрде шаралар атқарылу қажет, деп есептейді.

«Жасөспірімді әке болуға ешкім үйретпейді, дайындамайды. Бар дайындық - бұл біздің әкелеріміздің үлгісі немесе ең көп дегенде, олардың кеңестері. Ал егер әкесі жоқ болса немесе ол маскүнем, нашақор болса ше?  Біз бүгінгі күнге дейін бұл проблеманы отбасы деңгейінде қалдырып келдік. Оның ауқымын ескере отырып, әке болу проблемаларын мемлекет саясатының деңгейіне шығару қажеттілігі туындады», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, Қазақстанда алименттер бойынша қарыз 2 млрд. теңгеге жуықтаған. Бүгінде елімізде 350 мыңнан астам бала алиментке мұқтаж.

Соңғы жаңалықтар