02:42, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен 1,4 млн. астам теңге жалақы қарызы өтелді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шыңғырлау ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 41 жұмысшыға 1,437 млн. теңге жалақы қарызы қалыптасқанын анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мекемеде биылғы қаңтар айы үшін еңбекақы төленбеген. Аудан прокуратурасының мәжбүрлеп орындау туралы қаулысымен берешек толық өтелді.