13:25, 04 Қазан 2012 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен 2,1 млн. астам теңге жалақы қарызы өтелді
ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданы прокуратурасы «Тайпақ» МКК-нің 86 жұмысшының алдында шілде айы үшін 2146726 теңге жалақыны төлемегендігін анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мекеме жұмысшылармен жасалған шарттық міндеттемелерді орындамаған. Сөйтіп 86 адамның конституциялық құқығы бұзылған. Аудан прокурорының ұйғарымы бойынша берешек толық төленді.