Прокуратураның араласуымен 3 млн. астам теңгенің жалақы қарызы төленді - БҚО

ОРАЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазталов аудандық прокуратурасы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға әлеуметтік жұмыс орындарына алынған 119 жұмысшыға тамыз,
None
None

қыркүйек айлары үшін 3 млн. астам теңге жалақының төленбегендігін анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 1 тамызда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аталмыш кәсіпорын арасында әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға келісім-шарт жасалып, соған сәйкес 119 адам орналастырылған. Алайда келісім-шарт орындалмай, 3060170 теңге еңбекақы төленбеген. Тек аудан прокуратурасының араласуымен бережақ толықтай өтелді

Соңғы жаңалықтар