Прокуратураның араласуымен 31 млн. астам теңге жалақы қарызы өтелді - БҚО

None
None
ОРАЛ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бөрлі ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізген кезде «Ақсайжылуқуат» ММК-ның шілде-тамыз айлары үшін 285 қызметкердің алдында 16,3 млн. теңге, «Ақсай нан өнімдері комбинаты» ЖШС-ның 227 қызметкерге 15,3 млн. теңге қарыздар екендігі анықталды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, прокурордың актісін қарау нәтижесінде аталған кәсіпорындардың 512 қызметкеріне 31 млн. астам теңге жалақы төленді. Сөйтіп олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram