10:48, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Прокуратураның араласуымен 53 қызметкерге 2,73 млн. теңгенің жалақы қарызы төленді
ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасы мекеме-кәсіпорындарға еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізген кезде «Еңбек» РМК «Еңбек-Орал» филиалында
53 қызметкерге өткен жылғы қыркүйек айы үшін 2,73 млн. теңге жалақы қарызы қалыптасқаны анықталды.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 12 қызметкердің алдындағы 863887 теңге берешектің мерзімі өтіп кеткен.
Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде аталған қарыз толықтай өтеліп, 53 қызметкердің құқығы қорғалды.