Прокуратураның араласуымен 55 қызметкердің құқығы қорғалып, 1,5 миллионға жуық теңге көлемінде жалақысы төленді

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО Теректі ауданы прокуратурасы еңбек заңдылығының сақталуына мониторинг жүргізу кезінде «Луч» МКК-ның 55 қызметкеріне биылғы наурыз айы үшін 1438755 теңге көлемінде бережақ болып қалғандығын анықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы кәсіпорын директоры атына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізіп, соған сәйкес қызметкерлердің жалақысы толық төленді. Сөйтіп 55 қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар