Прокуратураның араласуымен заңсыз аударылған 6,2 млн. астам теңге мемлекетке қайтарылды - БҚО

ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Жәнібек ауданы прокурорының наразылығы бойынша жалпы құны 20 813 282 теңгені құрайтын Жәнібек ауылында бір пәтерлі тұрғын үй құрылысының жұмыстарын бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижесі бұзылды.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, хаттамаларды және мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттарды бұзу нәтижесінде «Жәнібек аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылыс бөлімі» ММ-мен 6 243 984,6 теңге соманы құрайтын 30 пайыз заңсыз аударылған аванстық төлемдер мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижесіне наразылық келтіруге және күшін жоюға тапсырыс берушімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 33-бабының 2-тармағында көрсетілген талаптардың сақталмауы және ҚР Үкіметінің 27.12.2007 жылғы №1301 санды қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жұзеге асыру туралы» Ереженің 149-тармағы бұзылуы негіз болып табылды. Атап айтқанда, шешім қабылдау барысында қызметтер, жұмыстар, тауарларды мемлекеттік сатып алу үдерісіне байланысты шектеулердің жоқтығы туралы құжаттар қамтамасыз етілмеген. Ұсынылатын қызметтер, жұмыстар, тауарлардың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары, сонымен қатар әлеуеттік тауар жеткізушімен жеткізілетін тауарлар, атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтерге ұсынылған баға табыс етілмеген.

Бұдан басқа тауар жеткізушінің сыныптамалық талаптарға сәйкестігін және басқа да құқықтарын белгілейтін құжаттар мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы шешім қабылданған соң табыс етілген, ол «Новосел-Строй Сервис» ЖШС құжаттарының көшірмелері жарғы, тіркеу куәлігі, СТН, лицензиясы, лицензия қосымшасының 08.08.2012 жылы Ақтөбе қаласында нотариуспен шандырылуымен расталады, ал мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы хаттамалық шешім одан бұрын, яғни 06.08.2012 жылы толтырылған.

Бұл аталмыш ереженің 154-тармағы 2-тармақшасына сай бір көзден сатып алу нәтижесін өткізілмеді деп тануға негіз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар