Прокурор судьяны атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Башкирия республикасында аң аулауға шыққан Белокатайский ауданаралық сотының судьясы қаза тапты.
Оны Мечетлинский ауданының прокуроры аңдамай атқан, деп хабарлады 17 қараша күні ТАСС республиканың құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
«Прокурор судьяның арқасынан байқамай атқан, ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - деді агенттікке сұхбат беруші.
Mash Telegram-арнасының мәліметіне сүйенсек, судья, прокурор және ТЖМ қызметкері елік аулауға шыққан. Аңшылар жануарлар отарын тез тапқан, қаруланған прокурор көліктен шыққан, ал жолдастары еліктерді оған қарай қуған. Өкінішке орай, прокурордың атқан оғы елікке емес, судьяға тиген.