Прокурор Талдықорған полициясының бұрынғы бастығын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

марат күштібаев
Фото: Талдықорған қалалық ПБ

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатыр.

Жетісу облыстық соты мәлім еткендей, сот отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Еске салайық, былтыр қарашада Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Мәліметке сенсек, қылмыс оның кабинетінде болған. 

Ақпан айының соңында Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталған еді. Процесс жабық режимде өтті. 

Наурыз айында Марат Күштібаевтың денсаулығы сыр беріп, сот залынан ауруханаға алып кетті. 

Соңғы жаңалықтар