Прокурордың наразылығымен кінәлі тұлғаға қатысты заңды шешім қабылданды - БҚО
Облыстық прокуратурадан түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органымен О.Исинғұлов «ПартнерСтройБизнес» ЖШС, «ЖайыкЭнергоСтрой» ЖШС және «Ural Prizma» ЖШС-нен 431 млн. теңгенің салығын төлеуден жалтаруды ұйымдастырғаны үшін айыпталды. Алайда Орал қалалық сотының 2011 жылғы 13 сәуірдегі үкімімен О.Исинғұлов әрекетінде қылмыс құрамының болмауына орай ҚР ҚК-нің 222-бабымен ақталған.
Орал қаласы прокурорының наразылығы бойынша 2011 жылы 25 мамырда қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі жаңадан қарауға жіберген болатын.
Орал қалалық сотының үкімімен О.Исинғұлов ҚР ҚК 222-бабымен кінәлі деп танылды және ҚР ҚК 63-бабы қолданылып, оған шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.