Прокурорлар 455 кг бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулағандарды ұстады

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында ірі көлемде бекіре тұқымдас балықты заңсыз аулағандар қолға түсті. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы мәлім етті.

бекіре, балық
Фото: Азертадж

— «Заң және Тәртіп» қағидатын орындау мақсатында Маңғыстау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы РМҚК «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп, 10.08.2025 жылы балық өнімдерінің заңсыз айналымын алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Түпқараған ауданының «Ащымұрын» теңіз жағалауында азамат «Н» басқаруындағы «Toyota Land Cruiser 100» маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы 455 кг құрайтын (барлық Каспий маңы елдерінде аулауға мораторий жарияланған) бекіре тұқымдас балықтары анықталды, — делінген хабарламада.

Аталған дерек, ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеп-тексеру Түпқараған ауданының полиция бөліміне тапсырылды, қылмыстық іс бойынша бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 Сонымен қатар сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген және пайдалануға тыйым салынған жануарларды заңсыз өндіру, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратыны ескертілді.

 

Соңғы жаңалықтар